Шотландия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

 Шотландия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 19 қарашада Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі кезеңі аясында Қазақстан мен Шотландия құрамалары арасында матч өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Өз алаңында өткен алғашқы ойында қазақстандықтар британ аралдарынан келген команданы 3:0 есебімен жеңіп, сенсация жасаған еді. Ол ойынның алғашқы 10 минутында Юрий Перцух пен Ян Вороговский қарсылас қақпасына гол соқты. Ал екінші таймда Бахтиер Зайнутдинов үшінші голды соққан.

Ал қазіргі сәтте Шотландия 12 ұпай жинап, I тобында үшінші сатыда тұр. Кипр 10 ұпаймен төртінші орында. Біздің құраманың да 10 ұпай бар, бірақ біз кипрліктермен жеке кездесуде жеңіліп қалғанымыз үшін, олардан кейін, бесінші орында тұрмыз. Егер бүгін жеңіске жетсек, Бельгия мен Ресейден кейінгі үшінші орынға көтерілеміз. Бұл біздің ұлттық құрама үшін керемет жетістік болар еді.

Шотландия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы 19 қарашадан 20 қарашаға қараған түні, сағат 01: 45-те басталады. Ойынды QazSport телеарнасы көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер