ММА

Қазақстандық спортшы панкратион бойынша әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы панкратион бойынша әлем чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Римдегі FEDERBOCCE спорт кешенінде панкратион бойынша әлем чемпионаты өтті.

Байрақты бәсекеде қазақстандық спортшы Сәбит Жүсіпов 65 келі салмақ дәрежесі бойынша чемпион белдігін жеңіп алды.

Финалдағы ымырасыз жекпе-жекте әскери спортшы 2018 жылғы ресейлік әлем чемпионы Магомед Абдуллаевті сенімді түрде жеңді. Сайыста 200-ден астам мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік қатысушылар бақ сынады.

«Панкратион – бұл қайта шыға бастаған спорт түрі. Ол еркін, грек-римдік күрес, самбо, дзюдо, бокс және басқада жекпе-жектің техникалық қимылдарын қолдануға рұқсат етілетін, ММА аралас жауынгерлік жекпе-жектің түп-тамыры болып саналады» - деп атап өтті қоян-қолтық ұрыс бойынша АОСК команданың бастығы майор Мұрат Бижанов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер