Басқа

Баландин: Америкалық маман тәжірибесінің бізге көмекесетені сөзсіз

Баландин: Америкалық маман тәжірибесінің бізге көмекесетені сөзсіз
news-banner7
mobile-news-top

12-15 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында су спорты түрлері мен триатлоннан жүз қазақстандық жаттықтырушы АҚШ-тағы Ұлттық олимпиадалық дайындық орталығының жетекші биомеханик маманы Геннадиус Соколовастың біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Ғылыми-тәжірибелік курсты ұйымдастыруға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Қазақстан су спорты түрлері Федерациясы мұрындық болдық.

Төрт күнге созылған жиында америкалық маман суда жүзу техникасының биомеханикасына, спортшылардың физиологиясы мен түрлі әдістер арқылы жүзу техникасын жетілдіруге байланысты сұрақтарға ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан жауап берді. Сондай-ақ, АҚШ-тағы жүзгіштерді дайындаудың заманауи әдістеріне тоқталды.

«Бүгінде мен көптеген елдерде болып, біздің Олимпиадалық орталықта өткізілген зерттеулердің нәтижесімен бөлісемін. Қазақстан туралы Америкадағы достарымнан көп естідім. Айта кету керек, Кеңес одағы кезінде жаттықтырушыларды оқыту деңгейі өте жоғары болды. Жаттықтырушылардың барлығы да өз мектептен өткен соң, физиология мен қалыпқа келу технологияларын жақсы меңгерді. Бүгінде олардың тәжірибесімен бөліскені біз үшін аса маңызды. Өйткені, қазіргі жаттықтырушылар аға буыннан біраз қалып келеді. Егер алдыңғы қатарлы елдермен бір қатарда болуды көздесеңіздер, жас буынмен жұмыс істеуді жалғастыру қажет», - дейді Соколовас.

Сондай-ақ, америкалық маман қазақстандық спортшылар мен бапкерлердің көрсеткішіне де тоқталды.

«Қазақстанда талантты жаттықтырушыларды көргеніме қуаныштымын. Мұндай курстардың болашақта мықты мамандарды өсіруге тигізер көмегі көп екеніне сенімдімін. Талантты спортшыларды көп кездестіргеніме де таң қалдым. Дегенмен, жүзу техникасында қателіктер жоқ емес. Қазақстандық федерация өз спортшыларын тестілеу туралы өтініш жасаған болатын. Олар элиталық деңгейдегі спортшылар. Мәселен, Дмитрий Баландин Олимпиада чемпионы. Оның да көп нәрсені түзетуге мүмкіндігі бар. Мен оларға АҚШ-та қалай жұмыс істейтінін айтып, техникаларын жетілдіруге көмектесетін бірнеге әдіспен бөлістім», - дейді маман.

«Геннадиус Соколовастың әдісі бізге техникалық қателіктерімізді түзетіп, жүзу техникасын жетілдіруге мүмкіндік берді. Біз оның елге келіп, жас спортшылармен тәжірибе бөліскенін қатты қалаған едік. Осы ойымызды жүзеге асырған Ұлттық Олимпиадалық комитетке алғысымыз зор. Геннадиустың тәжірибесінің бізге көмекесетені сөзсіз», - дейді Баландин

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер