Бокс

Жанқош Тұраров Лондондағы турнирге не үшін қатыспайтыны белгілі болды

Жанқош Тұраров Лондондағы турнирге не үшін қатыспайтыны белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Жанқош Тұраров Golden Contract турниріне не үшін қатыспайтыны жайлы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өкінішке орай, Жанқош Тұраров жарақат алып қалғанына байланысты 22 қарашада Лондонда өнер көрсете алмайды», - деп жазды MTK ресми Instagram парақшасында. MTK промоутерлік компаниясы Golden Contract турнирінің ұйымдастырушысы.

Golden Contract жеңімпаздары жетекші промоутерлердің бірімен бес жекпе-жекке келісімшартқа отырады.

Тұраровтан басқа Швеция өкілі Энтони Джигит (24-1-1, 8 КО) те жарысқа қатысудан бас тартқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер