Бокс

Боксшыларымыз Азия чемпионатында атой салды

Боксшыларымыз Азия чемпионатында атой салды
news-banner7
mobile-news-top

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы екі боксшымыз толағай табысқа жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Азамат Бектас өзбекстандық Сухробжон Каимовтан жеңіліс тапты. Өзбек құрлық чемпионы атанса, Азамат қола жүлдеге қанағат білдірді.

Аса ауыр салмақтағы (+91) боксшымыз Аманат Сабыргали Оңтүстік Корея боксшысы Ю Дон Чжинді, ал 91 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай өзбекстандық Амиршох Самадовты ұтып, Азия чемпиондары атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер