Бокс

Дархан Дүйсебай - бокстан Азия чемпионы

Дархан Дүйсебай - бокстан Азия чемпионы
news-banner7
mobile-news-top

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық қос боксшы құрлық чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

64 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Дархан Дүйсебай өзбек боксшысы Джавлонбек Юлдошевті ұтып, Азия чемпионы атанды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Құрлықтық біріншілікте 56 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Бейбарыс жексен өзбекстандық Хуршидбек Расулжоновты жеңді. Сөйтіп Қазақстан құрамасы қоржынына үшінші алтынды салды. Ал 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Махмуд Сабырхан тайландтық Скутхет Суравутты жеңді. Кездесудің барлық төрешісі қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп таныды.

Тағы бір батырымыз, 49 келіге дейінгі салмақта Мұхамедсабыр Базарбайұлы Үндістанның жас былғары қолғап шебері Селат Сояны жеңіп, құрлық чемпионы атағына ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер