Бокс

Бейбарыс Жексен бокстан жастар арасында Азия чемпионы атанды

Бейбарыс Жексен бокстан жастар арасында Азия чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық тағы бір боксшы құрлық чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрлықтық біріншілікте 56 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Бейбарыс Жексен өзбекстандық Хуршидбек Расулжоновты жеңді. Сөйтіп Қазақстан құрамасы қоржынына үшінші алтынды салды.

Еске сала кетелік, бұған дейін 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Махмуд Сабырхан тайландтық Скутхет Суравутты жеңді. Кездесудің барлық төрешісі қазақстандық боксшыны жеңімпаз деп таныды.

Ал 49 келіге дейінгі салмақта Мұхамедсабыр Базарбайұлы Үндістанның жас былғары қолғап шебері Селат Сояны жеңіп, турнир жеңімпазы болып танылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер