Қазақстан құрамасының бас бапкері: Шотландияда шайқас күтіп тұр

Қазақстан құрамасының бас бапкері: Шотландияда шайқас күтіп тұр
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек Сан-Мариномен сырт алаңда өткен матчтан (3:1) кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
- Алдағы Шотландиядағы матчқа қандай жоспарыңыз бар??

- Соңғы ойында жеңіске жетіп, үшінші орынға ие болғымыз келеді. Стадионда керемет атмосфера болады деп ойлаймын. Келесі матч 2-3 күннен кейін өтеді. Оған тыңғылықты дайындалып, ұпай алатындай болуымыз керек.

- Соңғы ойын алдында жалпы іріктеу кампаниясы жайлы не айтар едіңіз

- Ол туралы әзірге ештеңе айта алмаймын. Екі күннен кейінгі матч соңында айтармын.

- Ауа-райы тым қолайсыз болды, оның үстіне Вороговский жарақаттанып қалды. Басқа жігіттердің жағдайы қалай?

- Иә, проблемаларымыз жоқ емес. Вороговский жарақат алды, Жуковтың көзі ауырып тұр. Ертең жаттығу жасаймыз, сол кезде бәрі белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер