Қазақстан Сан-Мариноны сан соқтырды

Қазақстан Сан-Мариноны сан соқтырды
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Сан-Мариноға қонаққа барды.

Топтың аутсайдері алғашқы минуттан осалдық танытып, 6-ші минутта гол жіберіп алды. Бактиер Зайнутдинов есепті ашса, арада 15 минут өткенде Гафуржан Сүйімбаев есепті еселей түсті. Сан-Марино есін жиғанша Алексей Щеткин Қазақстанның үшінші голын соғып үлгерді. Осылайша біздің құрама алғашқы таймда-ақ матч тағдырын шешіп кетті.

Екінші тайм бір сарында өтті. Қазапқстан құрамасының бірнеше өткір шабуылы болғанымен есеп еселенбеді. Есесіне Сан-Марино бірнеше жылдан бергі голын дәл осы матчта соғуға мүмкіндік алды.

Осылайша қоржынына 10 ұпайды жинаған Қазақстан құрамасы І тобында бесінші сатыға жайғасты.

Еуропа чемпионаты. Іріктеу кезеңі

Сан-Марино – Қазақстан 1:3 (0:3)

Голдар: Зайнутдинов 6 (0:1), Сүйімбаев 23 (0:2), Щеткин 27 (0:3), Берарди 77 (1:3)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер