Сан-Марино - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Сан-Марино - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

16 қараша күні Қазақстан құрамасы Еуропа Чемпионатының кезекті іріктеу матчын Сан-Марино командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттық құрама I тобында 10 ұпаймен 5-ші орынға жайғасқан. Сан-Мариномен матч өткізгеннен кейін қазақстандық команда Шотландияға қонаққа барады. Қос матчта да жерлестеріміз жеңіске жетсе, іріктеуді үшінші орынмен аяқтайтын мүмкіндік жоғары. Ол үшін соңғы турда Кипр құрамасы қонақта Бельгиядан ұтылуы тиіс.

Қазақстан мен Сан-Марино құрамаларына келетін болсақ, олар 11 маусымда Еуропа чемпионатының ағымдағы іріктеу кезеңінде кездесті. Елордада өткен ойында Михал Билек командасы 4:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Сан-Марино - Қазақстан матчының тікелей эфирі Нұр Султан уақытымен сағат 22:50-де басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы тамашалай аласыз.

ВИДЕО. Қазақстан құрамасының Сан-Мариномен болатын ойын алдындағы жаттығуы

Қазақстан құрамасының бапкері: Үшінші орыннан үмітіміз үзілген жоқ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер