ММА

Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында екінші орынға ие болды

Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында екінші орынға ие болды
news-banner7
mobile-news-top

10-16 қараша аралығында Бахрейн Корольдігі астанасы Манамада Біріккен IMMAF және WMMAA федерациясының қолдауымен ММА аралас жекпе-жектен Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы 46 спортшы апарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің 50-ден астам елінен 500-ден аса спортшы қатысқан дүбірлі додада Қазақстан жастар құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 4 қола иеленіп, жалпы командалық есепте 2-ші орынға ие болды.

Алтын - Фариз Абдалов (52 кг)

Алтын - Ғани Әділсерік (56 кг)

Алтын - Талшын Жұматаева (70,3)

Күміс - Ерұлан Қабдолов (52 кг)

Күміс - Айжан Әбдіқадыр (70,3)

Қола - Тыныштық Жәнібек (61 кг)

Қола - Досжан Кенжебаев (70 келі)

Қола - Айгерім Төреханова (52,2)

Қола - Инас Әшірбек (56,7) -

Біздің спортшылар тек Ресей құрамасына жол беріп, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды. Үшінші орында – Англия командасы.

Еске сала кетсек, 2018 жылы желтоқсан айында елімізде жаңа спорттық құрылым - Қазақстанның біріккен ММА федерациялар қауымдастығы» ЗТБ құрылған болатын

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер