Сан-Марино - Қазақстан матчын қай телеарна көрсетеді

Сан-Марино - Қазақстан матчын қай телеарна көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Марино командасымен ойнайды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл кездесу 16 қараша күні өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер ойынды Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көре алады. Басталу уақыты - 23:00.

Ойын 5 387 көрермен сиятын Серравалледегі Олимпиадалық стадионда өтеді. Матчқа түркиялық Али Палабыйык бастаған төрешілер алқасы қызмет етеді.

Айта кетейік, I тобында Қазақстан құрамасы 7 ұпаймен бесінші орынға жайғасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер