Әлем футболы

Еуропа чемпионатына кімдер жолдама алды

Еуропа чемпионатына кімдер жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің аяқталуына екі тур ғана қалды, деп жазады Prosports.kz.

Кезекті Еуропа чемпионаты 12 елде өтеді. Отағасы ел жоқ болғандықтан, Еуропа футбол қауымдастығына мүше 55 құраманың барлығы іріктеу кезеңіне қатысып жатыр. Олар 10 топқа бөлінген. Әр топта бірінші, екінші орын иеленгендер еуро-2020 жолдамасын тікелей алады.

Қазірдің өзінде құрлық біріншілігіне жолдама алған 10 құрама белгілі. Олар: Англия, Чехия, Украина, Испания, Польша, Франция, Түркия, Бельгия, Ресей, Италия.

Қалған оны 20 қарашаға дейін анықталады.

Ал қалған 4 жолдама өткен жылы өткен Ұлттар лигасы турнирінің нәтижесіне сай анықталмақ. Бәріміз білетіндей Ұлттар лигасы 4 дивизионға бөлінген, әр дивизионда 4 топтан бар. Әр топтың жеңімпазы Еуропа чемпионатының қосымша жолдамасына таласады. Демек, әр дивизионнан төрт құрамадан, төрт дивизионнан 16 құрама қосымша іріктеуге қатысады.

Айта кетерлігі, бұл 16 құраманың қатарында іріктеу турнирі арқылы Еуроға жолдама алып қойған құрама болса, оның орны Ұлттар лигасының турнирлік кестесінде өзінен кейін тұрған құрамаға беріледі.

2019 жыл 14-16 қараша:Іріктеу кезеңі 9-шы тур
2019 жыл 17-20 қараша:Іріктеу кезеңі 10-шы тур

2019 жыл 22 қараша:Қосымша іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі
2019 жыл 1 желтоқсан:Еуропа чемпионатының жеребе тарту рәсімі

2020 жыл. 26-31 наурыз: Қосымша іріктеу кезеңінің ойындары өтеді

2020 жыл. 12 маусымнан-12 шілдеге дейін: Еуропа чемпионаты өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер