«Астана» - «Манчестер Юнайтед» матчының билеттері сатылымға шықты

«Астана» - «Манчестер Юнайтед» матчының билеттері сатылымға шықты
news-banner7
mobile-news-top

28 қараша күні кешкі сағат 21:50-де «Астана Арена» стадионында өтетін Еуропа Лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясындағы «Астана» - «Манчестер Юнайтед» матчына билеттердің онлайнсатылымы басталды.

Билет құны стадиондағы секторларға байланысты 4000 – 55 000 мың теңге аралығында бірнеше санатқа бөлінген.

Ойын билеттерін «Астана» футбол клубының ресми сайты fcastana.kz сайтынан сатып алуға болады. Одан бөлек, ойынға үш күн қалғанда «Астана Арена» стадионының кассалары ашылады.

Айта кетейік, аталмыш ойынға «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы құрылымына енетін спорт мектептеріндегі, академиялары мен орталықтарындағы 1500-ге жуық тәрбиеленушіге билет тегін беріледі.

Бұдан бөлек, 6 жасқа дейінгі балалар матчқа тегін кіреді, бірақ оларға арнайы орын қарастырылмайды. Арбамен келетін жанкүйерлер NW және NE арнайы жабдықталған секторларында ойынды тегін тамашалай алады.

Еуропа Лигасы аясындағы ойындарға билет құнын «Астана» футбол клубы УЕФА регламентін ескере отырып, сондай-ақ клубтың қаржылық мүдессіне қарай бекітеді.

Еуропа Лигасы матчтарына бір адамға бес билеттен артық сатылмайды. Мұндай шектеу алыпсатарлардың бағаны шарықтатып, билетті қайта сатпауы үшін қойылған.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер