«Астана» футбол клубы байқау жариялады

«Астана» футбол клубы байқау жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Достар, өздеріңіз білетіндей, «Астана» футбол клубы биыл өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Біздің клуб жаңа даму кезеңіне заманауи эмблемамен енуді жоспарлап отыр. Бұл маңызды оқиға біздің жанкүйерлеріміздің назарынан тыс қалмауы үшін, сіздерге «Астана» футбол клубының жаңа логотипін дайындауға ат салысып, өз нұсқаларыңызды жасап көруге ұсыныс жасамақпыз.

Ол үшін 2019 жылдың 15 желтоқсанына дейін халықаралық тәжірибені зерделеп, клубымыздың тарихымен танысып, өз қиялдарыңыздан туған логотиптің нұсқасын [email protected] электронды почтасына жолдауларыңыз қажет.

Біздің байқауға кәсіби дизайнерден бастап, ең жас жанкүйерге дейін кез келген адам қатыса алады. Ең креативті және бірегей идеялар болашақ логотиптің негізгі нұсқасына айналуы бек мүмкін.

Біздің байқаудың жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайды.

Еліміздің ең үздік футбол клубы тарихының бір бөлігіне айнал!

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер