13 қараша 23:48

«Астана» Даниил Фоминыхпен келісім-шарт мерзімін ұзартты

«Астана» Даниил Фоминыхпен келісім-шарт мерзімін ұзартты

Әлемдік Турдың командасы «Астана» жекелей жарыс бойынша Азия чемпионы және дәл осы дисциплина бойынша 2018 жылғы Қазақстан чемпионы, қазақстандық велошабандоз Даниил Фоминыхпен жаңа біржылдық келісім-шартқа қол қойды.

- Маусымды жақсы өткіздім деп ойлаймын. Ең басты мақсаттарымыздың бірі Азия чемпионаты болатын. Біз ол жарыста барынша жақсы өнер көрсетуіміз қажет еді. Чемпионатқа дайындықпен бардым және жекелей жарыс бойынша елімізге жеңіс сыйлап, топтық жарыста әріптестеріме көмектескеніме қуаныштымын. Жалпы маусымның екінші бөлігі жақсы өтті. Қазақстан чемпионатында жақсы нәтиже көрсеттім. Және бірнеше велододада – «Норвегияның Арктикалық жарысы» мен Италияда өткен классикалық жарыстарда Алексей Луценкоға көметесу үшін барымды салдым. Әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғағаныма қуаныштымын. Алдағы уақытта «Астана» құрамында тағы бір маусым өнер көрсетемін. Командамен келісім-шарт уақытын ұзартқаныма дән ризамын. Қолдау көрсеткені үшін бас серіктесіміз «Самұрық-Қазынаға» алғысымды білдіремін. Жаңа жылда жеке көрсеткіштерімді жақсартуға тырысамын. Бірақ, әрине, ең алдымен командаға маңызды жетістіктерге қол жеткізу үшін қолдау көрсетуге әрдайым дайынмын, - деді Даниил Фоминых.

Даниил Фоминых (28 жаста) 2014 жылы «Астана» сапына ауысты. Әлемдік Турда 6 маусым бойы өнер көрсетті. Ол Қазақстан чемпионаты аясында өткен жекелей жарыста (2014 және 2018 жылдары) жеңіске жетті. Сонымен қатар Фоминых Азия чемпионатында жекелей жарыс бойынша екі мәрте (2013 және 2019 жылдары) «алтын» медаль жеңіп алды.

- Даниил мықты көмекші. Ол ылғи да команданың көшбасшысының жанынан табылатын және кез-келген сәтте қолдау көрсетуге дайын шабандоз. Жарыстарда өзіне берілген жұмысты толықтай атқарады. Бірақ мүмкіндік болып жатса пайдалануға тырысады. Биылғы жылғы Азия чемпионаты біз үшін маңызды болды. Себебі олимпиадаға жолдама алу үшін таласқа түстік. Даниил өзін тек жақсы қырынан танытып қана қоймай жекелей жарыста жеңіске жетіп, Қазақстан үшін маңызды жеңістердің біріне қол жеткізген Евгений Гидичке көмек көрсетті. Команда құрамында мұндай шабандоздың болуы тамаша. Және Фоминыхпен келісім-шарт уақытын тағы бір маусымға ұзартқанымызға қуаныштымын, - деді «Астананың» бас менеджері Александр Винокуров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.