Дзюдо

Елдос Сметов: Шын мықты Олимпиаданың жолдамасын иемденеді

Елдос Сметов: Шын мықты Олимпиаданың жолдамасын иемденеді
news-banner7
mobile-news-top

Рио-де Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Prosports.kz сайтына берген сұқбатында алдағы төртжылдықтың басты додасына дайындығы туралы айтып берді.

- Жапонияның Осако қаласында өтетін Гранд-слэм турниріне қатыспау туралы шешімге келдік. Ұлттық құрама 12-14 желтоқсанда Қытайдың Циндао қаласында өтетін «Мастерс» сериясы жарысына тыңғылықты дайындалып жатыр.

- Токиода өткен әлем чемпионатындағы нәтижеңізге көңіліңіз тола ма?

- Жүз пайызға көңілім толады десем өтірік болар. Қолымнан келгенін жасап, қоланы жеңіп алдым. Осы күнге дейін екі мәрте әлем чемпионатының (Нұр-Сұлтан 2015 – алтын, Токио 2019 – қола) жүлдесін алдым. Қазіргі таңда басты мақсат - Олимпиада ойындарында топ жару. Осал, әлсіз тұстарыммен жұмыс жасап, армандап жүрген Олимпиада алтынына жетсем деймін.

- Токиодағы Олимпиадаға дайындығыңыз қалай өтіп жатыр?

- Функционал мен физикамды дамыту бағытында ерінбей еңбектеніп жатырмын.

- Сіздің салмағыңызда Олимпиадаға Ғұсман Қырғызбаев екеуіңіз де үмітті екенсіздер...

- Токио Олимпиадасына мен әлде Ғұсман, қайсымыз қатысатынымызды айта алмаймын. Бәрін рейтинг көрсетеді. Егер Ғұсман көш басына шықса Қазақстанның намысын сол қорғайды. Олимпиада жолдамасы мықтының қанжығасында кетеді!

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер