Теннис

Дэвис Кубогы: Қазақстан құрамасының жарыс кестесі жарияланды

news-banner7
mobile-news-top

Теннистен Қазақстан құрамасы 18-24 қарашада Мадридте өтетін Дэвис Кубогы финалына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аталмыш турнирге әлемнің ең үздік 18 құрамасы сынға түседі. Қазақстан құрамасы Ұлыбритания және Нидерланды теннисшілерімен бір топта бақ сынайды.

19 қараша күні қазақстандықтар Нидерланд командасына қарсы ойнайды. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталмақ.

21 қараша күні Қазақстан мен Ұлыбритания арасында кездесу өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады.

Құрама сапында Михаил Кукушкин, Александр Бублик, Александр Недовесов, Андрей Голубев және Дмитрий Попко бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер