Командалық

Волейболдан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінің жеребесі тартылды

Волейболдан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирінің жеребесі тартылды
news-banner7
mobile-news-top

2020 жылдың 7-12 қаңтары күндері Қытайдың Цзянмынь қаласында волейболдан ерлер командасы арасында олимпиада ойындарына іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қытайда Азия аймақтық іріктеу айналымына қатысатын командалардың жеребесі тартылды. Жеребеге сәйкес, Қазақстан Иран, Қытай және Тайпей құрамаларымен бірге «А» тобында бақ сынайды.

«В» тобында Австралия, Оңтүстік Корея, Үндістан және Катар өзара мықтыны анықтайды.

Жарыс ережесіне сәйкес, Қазақстан командасы алғашқы ойынын 7 қаңтар күні Қытайға қарсы өткізіп, келесі күні Иран, кейін Тайпей командаларымен жолығады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер