Дзюдо

Ибраев: Татамиге көптен шықпаған соң, жеңіске деген жігерім ерекше

Ибраев: Татамиге көптен шықпаған соң, жеңіске деген жігерім ерекше
news-banner7
mobile-news-top

Жапонияның Осака қаласында өтетін Grand Slam турниріне 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, бірнеше халықаралық турнирдің жеңімпазы Рустам Ибраев та қатысады.

«Турнирге жоғары деңгейде дайындық жүргіздік. Барлық спортшылар да тер төгуде. Енді салмағымызды реттеу ғана қалды.

Менің үлкен жарыстарға көптен бері қатыспағанымды жанкүйерлер жақсы білетін шығар. Сол себепті, жақсы өнер көрсетіп, жоғары орыннан көрінсем деген мақсатым бар. Жеңіске деген құлшынысым ерекше. Өзімді де, елімді де қуантқым келеді.

Бәсекеге кімдердің қатысатынын білмеймін. Дегенмен, мен әлемдегі мықты дзюдошылармен кездесіп, жеңіске жеткенмін талай. Сол себепті, қарсыласым кім болса да, дайынмын», - дейді Ибраев ҚР ҰОК баспасөз қызметіне.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер