«Жетісу» армениялық ойыншысымен қоштасты

news-banner7
mobile-news-top

Талдықорғандық «Жетісу» футбол клубының жартылай қорғаушысы Камо Оганесян командадан кететінін мәлімдеді.

- «Жетісумен» жасаған келісімшартым аяқталды. Бұнда керемет маусым өтті, жақсы тәжірибе жинадым. Алайда өзімді жаңа командада және жаңа чемпионатта сынап көретін уақыт жетті деп есептеймін. «Жетісуға» жеңістер мен сәттілік тілеймін, - деді Оганесян.

Айта кетейік, Армиян ойыншысы «Жетісуда» 58 матч өткізіп, 6 гол соқққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер