Сергей Малый: Қола медаль алатын мүмкіндікті қолдан жібермедік

Сергей Малый: Қола медаль алатын мүмкіндікті қолдан жібермедік
news-banner7
mobile-news-top

«Ордабасы» футбол клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый Prosports.kz сайтына сұқбат беріп, өткен маусым жайлы айтып берді.

- «Таразбен» өткен ойын өте маңызды болды. Чемпионаттың қола медалінің тағдыры шешілді. Ойын алдында киім ауыстыратын бөлмеде не болды?

- Әрине, матч шиеленісті болды. Жауапты ойын екенін бәріміз де түсіндік. Мұндай мүмкіндікті мүлде жіберіп алмау керек болатын. Барлығы ойынға байыпты қарап, қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Басшылық пен жаттықтырушылар құрамы да бізді осы ойынға барынша дайын ету үшін көп күш шығарды. Құдайға шүкір, біз жеңдік.

- Сіздің ойыңызша, «Ордабасы» неге чемпион бола алмады?

- Бір кездерде клубта тұрақтылық болмады. Бұл команданың көңіл-күйінен көрінді. Қажет емес сәттерде ұпай жоғалтып жаттық.

- Қаржылық тұрақтылық мәселесі маусымға әсер етті ме?

- Ия, бұл жағдай да команданың көңіл-күйі мен мотивациясында маңызды рөл атқарды деп ойлаймын.

- Сіз 2015 жылы да «Ордабасы» сапында доп тептіңіз. Сол кезбен салыстырғанда клубтың жанкүйерлері өзгерді ме?

- Олар бұрынғыдан көбейіп келеді (күлді). Бірақ мен жанкүйерлердің бұдан да көп болғанын қалаймын.

- Олар командаға жоғары талап қоя ма?

- Бұл оңтүстік. Бұндағы жанкүйерлердің талабы әрқашанда өте жоғары.

- Сіз келесі маусымда «Ордабасыда» қаласыз ба?

- Білмеймін. Менің «Астанамен» әлі де алты айға жарамды келісімшартым бар.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер