Бокс

Қанат Ислам жанкүйерлеріне алғыс білдірді

Қанат Ислам жанкүйерлеріне алғыс білдірді
news-banner7
mobile-news-top

26 қазан күні 34 жастағы намибиялық боксшы Уолтер Каутондокваны төрешілер шешімімен жеңген Қазақстан боксшысы Қанат Ислам аздаған демалыстан соң, Instagram әлеуметтік желісінде жанкүйерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Халқым! Әрқашанда қолдап және қамқорлық жасағандарыңыз үшін алғыс білдіремін!
Жекпе-жектен кейін демалыс алып, біраз уақыт әлеуметтік желіден де алшақтап, қайта оралдым!

Жақында жаңа жекпе-жекке дайындықты бастаймын!
Маған байланысты барлық жаңалықтарды осы парақшадан біле жүріңіздер! Әлі де бағындыратын белестер алда. Сондықтан менімен бірге болыңыздар! Алға Қазақстан!», деп жазды Ислам.

Айта кетелік Каутондоквамен жеңген Исламды осы кезге дейін сынап жатқандардың қарасы өте көп. Төрешілердің бұра тартқаны туралы сыни пікірлер желілерде өріп жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер