Әлем футболы

Роналду футболдан екі жылға шеттетілуі мүмкін

Роналду футболдан екі жылға шеттетілуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Рома» мен Италия құрамасының бұрынғы ойыншысы Антонио Кассано «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдудың Италияның А сериясындағы «Миланмен» өткен ойында (1:0) стадионнан кетіп қалғаны туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz Championat.com порталына сілтеме жасап.

Кассаноның айтуынша ойын кезінде стадионнан кетіп қалған ойыншы 2 жылға футболдан шеттетілуі мүмкін екен.

Еске сала кетелік, ойын барысында орнына басқа ойыншы ауысқан Роналду ашуға булығып, Маурицио Сарридің қолын да алмаған. Қосалқы құрам ойыншыларына арналған орындыққа да отырмай кеткен Криштиану, бірден шешінетін бөлмеге беттеген. Киімін киіп алған ол матчтың аяқталуын күтпестен стадионнан кетіп қалды.

«Роналду ойынның біткенін күтпей стадионнан кетіп қалды ма? Матч соңында допингтік бақылау болады, сол себепті кетуге тыйым салынады. Кезінде мен де «Лациомен» ойын кезінде кетіп қалған болатынмын, алайда футболдан шеттетілетінімді ойлап, қайта қайтып оралдым», деді Кассано AS порталына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер