«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы: Біздің ойынымыз нашар болды деп айта алмаймын

«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы: Біздің ойынымыз нашар болды деп айта алмаймын
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» клубының жартылай қорғаушысы Ардақ Сәулет Премьер-лиганың 33-тур аясындағы «Тобыл» командасына қарсы ойын туралы өз ойымен бөлісті (1:2), деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Ойын өте тартысты әрі қызықты өтті. Алаң иесі де, біз де маусымның соңғы ойынында жеңіске жетіп, жанкүйерлерімізді қуантқымыз келді. Өкінішке орай, «Тобыл» өз мүмкіндіктерін бізге қарағанда жақсы пайдалана білді. Біздің ойынымыз нашар болды деп айта алмаймын. «Тобыл» - мықты команда.

Алғашқы турдан бастап соңына дейін бізге үлкен үмітпен, зор сеніммен қараған жанкүйерлердің алдында басымызды иеміз. Бұйырса, келесі жылы сіздерден дәл осындай қолдау күтеміз!

Түпнұсқасы: fc-aktobe.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер