Қысқы

Еркебұлан Шамұханов Монреальдағы әлем кубогында үздік бестікке енді

news-banner7
mobile-news-top

Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен әлем кубогының екінші кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, бұл жолы қазақстандық спортшылар жүлдесіз қалды.

500 метрге жарысқан Абзал Әжіғалиев 11-ші, Денис Никиша 46-шы орыннан көрінді. Бұл сында венгриялық Шаолин Лю жеңіске жеткен.

1000 метрлік сында қазақстандық Еркебұлан Шамұханов жоғары нәтиже тіркеп, үздік бестікке енді. Ол Ресей және Оңтүстік Корея спортшыларына есе жіберді. Ал Мерсаид Жақсыбаев 16-шы орында.

5000 метрлік эстфетада Қазақстан 9-шы орынға тұрақтады. Бұл сында Венгрия, Оңтүстік Корея және Ресей спортшылары үздік үштікке енген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер