Бокс

Мадияр Әшкеев: 2020-да тек мықтылармен жұдырықтасадым

Мадияр Әшкеев: 2020-да тек мықтылармен жұдырықтасадым
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев Prosports.kz сайтының тілшісіне аргентиналық Родольфо Мартинеске қарсы титулдық жекпе-жекке байланысты пікір білдірді.

- Қиын болды, өйткені жекпе-жекке дейін төрт мәрте қарсыласым ауысты. Аз ғана уақытта тактиканы өзгерту қажет болды. Аргентиналық боксшы қолын көп түсіретінін, осы сәтті өз пайдама асыру керегін білдік. Ол - кәсіпқойда 43 жеңіске жеткен өте тәжірибелі боксшы. Фредди Роучтың залында өткізген жақсы жаттығуларым нәтижесін берді. Осының арқасында қарсыласымды үш мәрте нокдаунға түсіріп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтадым.

Бәрі біз секілді жеңілмеген боксшыларды ұтқысы келеді. Дегенмен біз де шаршы алаңға тек жеңіс үшін шығамыз. WBC белбеуі маған жақсы мүмкіндік береді. Эгис Климас жақын уақытта жақсы жаңалық болады деп сүйінші сұрады. Біраз демалып аламын. Ал 2020 жылы тек мықты қарсыластармен жекпе-жек өткізсем деймін, - дейді боксшы.

Айта кетейік, Мадияр Әшкеев 43 рет жеңіске жеткен аргентиналық боксшы Родольфо Эзикель Мартинес үш рет нокдаунға түсірген соң, оның қарсыласы алтыншы раундта шаршы алаңға шығудан бас тартты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер