Қысқы

Қазақстандық нысана көздеуші Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстандық нысана көздеуші Азия чемпионатында топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Қатар астанасы Дохада нысана көздеуден Азия чемпионатының кезекті жарыс күні өтті, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК-қа сілтеме жасап.

Құрлық біріншілігінің жеңімпазы болып Фатима Ирназарова танылды. Ол пневматикалық мылтықпен жылжымалы нысананы 10 метрден көздеп ату сайысында үздік танылды. Спортшы қыз қытайлық Зен Янг пен Солтүстік Корея спортшысы Джи Е Риді артқа тастады.

Айта кетелік, Қазақстан құрамасы командалық есепте үшінші орынға тұрақтады.

Еске сала кетелік, Азия чемпионаты аясында тағы бір қазақстандық Юрий Юрков кіші калибрлі мылтықпен үш жағдайда көздеп атудан (50метр) Олимпиада лицензиясын жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер