Алматыда футболдан жасөспірімдер арасында турнир өтті

Алматыда футболдан жасөспірімдер арасында турнир өтті
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда жасөспірімдер арасында Arystan Cup 2019 деп аталатын халықаралық ыутбол турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz Instagram желісіндегі kuznetsov_coach сілтеме жасап.

Оңтүстік астанаға 4 мемлекеттің, атап айтқанда Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Ресей және Өзбекстанның жасөспірімдері келді. Жарыс регламенті бойынша жас ерекшелігіне байланысты үш категория бойынша доп тепкен футболшылар кубоктар мен медальдарға ие болды.

Ойындарды құрамаға жаңа үміткерлер іздеу мақсатымен Қазақстан құрамасының (U-15) бапкері Александр Кузнецов трибунадан бақылап тұрды.

Айта кетелік,жарыс қорытындысы бойынша Оңтүстік Корея ойыншылары бірінші орын алса, олардан жеңілген Бішкектен келген команда екінші орынға ие болды. Ал үштікті «Қайрат» академиясының жасөспірімдерін жеңген «Алаш» командасы қорытындылады.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер