«Ордабасы» бас бапкері: Қола медальді қолы жеткен алады

«Ордабасы» бас бапкері: Қола медальді қолы жеткен алады
news-banner7
mobile-news-top

Биылғы маусымда үздік үштікті өкшелеп келген шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан премьер-лигасының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команданың бас бапкері Кахабер Цхададзе маусым қорытындысы туралы клубтың ресми сайтына былай деді:

Біз үшін аса маңызды ойын болды. «Тараздың» мықты дайындалғаны көрініп тұрды. Мұндай маңызды ойында бірқалыптылықты, салқынқандылықты сақтау, әсіресе эмоцияны бақылау керек болды. Соны ойын алдында футболшыларға қадап айттым. Әрине, біз бәрін орнына қойып, жылдам гол соқтық. Мен бүгінгі матчқа ғана емес, барлық маусымға да ризамын. Жарайсыңдар, жігіттер! Бұл үлкен жетістік. Қола медальді қолы жеткен алады! Футболшылар мен клуб басшыларына алғыс айтамын, біздің команда болып, жанкүйерлермен бірігіп, осындай жақсы нәтиже бере алғанымызға көп рахмет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер