Роман Григорчук: Біздің жанкүйерлер тек қана жеңісті сәттерге лайық

Роман Григорчук: Біздің жанкүйерлер тек қана жеңісті сәттерге лайық
news-banner7
mobile-news-top

"Астана" Премьер-Лиганың соңғы туры аясында өз алаңында павлодарлық "Ертісті" қабылдап, 2:0 есебімен жол берді. Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчук кездесу туралы пікірімен бөлісті:

- Біз ойын барысында көп позицияға өзгерістер енгізуге мәжбүр болдық. Себебі, қазіргі жағдайымыз соған әкеліп тұр. Дегенмен, мұндай қадамдарды командада дәл қазіргідей шаршау болмағанда жасаған жөн. Көптеген футболшылар осы уақытқа дейін қырықтан астам ойын өткізіп үлгерді. Сондықтан, ешкімге оңай емес.

- Бүгінгі кездесудің турнирлік кестеде ешқандай маңызы болған жоқ. Неліктентен, жас футболшыларға мүмкіндік бермедіңіз?

- Бізде ол туралы ой болған. Алайда, бізде алда екі ойын ғана қалды. Дәл қазір әр ойын - тәжірибе екендігін ескеру қажет. Бұл маусым барысында алаңға шыққан футболшыларға тікелей байланысты айтылған сөз. Олар бүгін өз мүмкіндіктеріне ие болды. Және де бүгінгі кездесуді чемпион ретіндегі өз алаңымыздағы ойын екендігін де ұмытпағанымыз жөн.

- «Ертіс» соңғы турларда екі көшбасшы ұжымды жеңді. Қарсылас сізді таң қалдыра алды ма?

- Өте жақсы команда. «Қайратқа» бес, бізге екі гол соқты. Бұл олардың жетістігі дер едім.

- Марапаттау рәсіміндегі атмосфера көңіліңізден шықты ма?

- Мен осыған дейін бірнеше рет айтқанымдай, маған барлығы ұнайды. Үйдегі ойында біздің жанкүйерлер тамаша футбол атмосферасын жасай біледі. Сондықтан да жеңілген жақсы емес. Біздің жанкүйерлер тек қана жеңісті сәттерге лайық. Команда алдағы уақытта оларды жеңістерімен қуантады деген үміттемін.

- «Манчестер» мен «Партизанға» қарсы кездесулерге дайындық қалай болмақ?

- Қазір бізде үзіліс, ойындар жоқ. Бірақ, маусым барысы көрсеткендей, біз үзілістен кейін жақсы нәтижелер көрсеттік. Ол өте қиын екенін жақсы білеміз. Дегенмен, біз үзілістен кейін «Қайсар» мен «Қайратты» жеңіп, жақсы нәтиже көрсеткен едік.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер