Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 2019 жылғы маусымдағы соңғы тур матчтары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпионат қорытындысы бойынша, «Астана» қатарынан алтыншы мәрте ел чемпионаты атанды. Келесі жылы да елордалық команда Қазақстан атынан Чемпиондар лигасына қатысатын болады.

Алматылық «Қайратқа» күміс жүлде бұйырса, «Ордабасы» үздік үштікке кірді. Осы екі команда мен Қазақстан кубогына жеңіп алған «Қайсар» 2020/2021 маусымда Еуропа лигасында ел намысын қорғайтын болады.

Соңғы екі орынға тұрақтаған «Ақтөбе» мен «Атырау» Премьер-лигамен қош айтысты. 10-шы орынды иемденген «Тараз» келер маусымда ҚПЛ-да өнер көрсету құқығына Бірінші лигада үшінші орын алған оралдық «Ақжайықпен» таласатын болады.

Премьер-лига

33-тур, 10 қараша

«Ордабасы» — «Тараз» 3:0 (1:0)
Голдар:
Жоао Пауло 5 (1:0), Диакате пенальтиден 53 (2:0), Щеткин 79 (3:0)

«Жетісу» — «Шахтер» 3:2 (2:1)
Голдар:
Зенев 10 (0:1), Степанюк 30 (1:1), Адамович 37 (2:1), Тошев 52 (3:1), Нұрғалиев 63 (3:2)

«Қайрат» — «Атырау» 2:1 (1:0)
Голдар:
Жуков 18 (1:0), Эсеола 70 (2:0), Дугалич автогол 77 (2:1)

«Тобыл» — «Ақтөбе» 2:1 (1:1)
Голдар:
Себаи 30 (1:0), Саулет 39 (1:1), Тұрысбек 58 (2:1)

«Қайсар» — «Оқжетпес» 1:1 (1:0)
Голдар:
Барсегян 40 (1:0), Нөсербаев 84 (1:1)

«Астана» — «Ертіс» 0:2 (0:1)
Голдар:
Манзорро 40 (0:1), Мингазов 58 (0:2)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер