Әлем футболы

«Барселона» 17 жастағы футболшы үшін 15 млн еуро ұсынды

«Барселона» 17 жастағы футболшы үшін 15 млн еуро ұсынды
news-banner7
mobile-news-top

Каталониялық «Барселона» «Зальцбургтің» 17 жастағы шабуылшысы Карим Адейемиді сатып алмақ, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Marca-ға сілтеме жасап.

«Блауграна» ойыншы үшін 15 миллион еуро ұсынған, бірақ «Зальцбург» одан бас тартқан. Германиялық футболшыға «Ливерпуль» мен «Арсенал» да қызығып отыр.

Адейеми қазір «Лиферингте» жалда ойнап жүр. Осы маусымда форвард Австрия чемпионатының 10 матчында 5 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер