Бокс

Жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын құрам белгілі болды

Жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын құрам белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

8-18 қараша аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Аталған сынға Қазақстан ерлер және қыздар командасы қатыспақ.

Сары құрлық турнирінде 2001-2002 жылы туған спортшылар бақ сынайды. Қыздар мен ерлер 10 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтамақ.

Olympic.kz Азия біріншілігіне қатысатын Қазақстан қыздар құрамасының тізімін ұсынады.

48 келі: Әнел Құдайберген

51 келі: Әнел Сақыш

54 келі: Мөлдір Тойкова

57 келі: Мария Гладкова

60 келі: Ұлжанай Мамытова

64 келі: Балжан Асқар

69 келі: Майя Бейсебаева

75 келі: Әсел Сағатова

81 келі: Арайлым Бақытжан

+81 келі:Гүлзая Ерисан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер