Әлімханұлы титулды жекпе-жегінің промо-ролигін жариялады
![Әлімханұлы титулды жекпе-жегінің промо-ролигін жариялады](https://prosports.kz/upload/news/content/204253_b180caedd3bb3ace290ce40d948808ee.jpg?v=28655918)
Қазахстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та келесі жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.
9 қараша күні Фресно қаласында өтетін бокс кешінде Әлімханұлы WBC Continental Americas белбеуін қорғайтын болады. Қарсыласы - Нигериядан шыққан канадалық Альберта Онолуносе.
Жәнібек Instagram желісіндегі парақшасына «9 қараша. Ерекше шоу болады», деп жазды.