Басқа

Олимпиадаға дейін алынған допинг-сынама 10 жылға дейін сақталады - WADA

Олимпиадаға дейін алынған допинг-сынама 10 жылға дейін сақталады - WADA
news-banner7
mobile-news-top

Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов бастаған қазақстандық делегация Катовицеде WADA ұйымының бас директоры Оливьер Ниггле және WADA-ның Азия өңіріндегі кеңсесінің басшысы Казухиро Хайашимен кездесті.

Дене шынықтыру және спорт комитетінен мәлім еткендей, кездесу спорттағы допинг мәселелеріне арналған V Бүкіләлемдік Допингке қарсы конференция аясында өтті. Қазақстандық тарап допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату, Ұлттық допингке қарсы ұйымның мәртебесін арттыру сұрақтарын қамтитын заң жобасы туралы кеңінен айтып берді. Өз кезегінде Ниггле мырза Қазақстан Үкіметінің аталған бағытта қолға алып жатқан реформаларын жоғары бағалап, болашақта допингпен күрес мәселесінде ынтымақтастықтың нығаятынына сенім білдірген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер