ҚПЛ-да өнер көрсететін үш ойыншы Беларусь құрамасына шақырылды

news-banner7
mobile-news-top

Беларусь ұлттық құрамасының бапкерлер алқасы елдің бас командасына шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.

Аталған тізімде Қазақстан Премьер лигасында доп тебетін үш ойыншы бар. Атап айтқанда «Астананың» жартылай қорғаушысы Иван Маевский, «Қайрат» қорғаушысы Сергей Политевич және «Жетісу» қорғаушысы Никита Наумов.

Айта кетейік, Беларусь құрамасы ЕВРО-2020 іріктеу кезеңі аясында Германия құрамасымен кездеседі. Ал одан кейін Черногорияға қарсы жолдастық матч өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер