ММА

Османжан Қасымов: Жалғастың жеңісі күмәнсіз

Османжан Қасымов: Жалғастың жеңісі күмәнсіз
news-banner7
mobile-news-top

Танымал қазақстандық грэппл, джиу-джитсуден әлем чемпионы және бұрынғы ММА файтері Османжан Қасымов Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Arlan MMA Pro командасының өкілдері Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морозовтың титулдық жекпе-жектері жайлы ой бөлісті.

19 қазанда «Жако» мен «Аяз» титулды қорғауды сәтті өткізді, бұл күн қазақстандық жанкүйерлер үшін маңызды болды. Соңғы 10 күнде чемпиондармен ондаған түрлі сұхбаттар жарияланды, бірақ сонымен бірге БАҚ өкілдері Қасымовтың жігіттерді дайындауға қосқан үлесін ұмытып кетеді. Бұрын Османжанның өзі сегіздікте талай тер төккен, бірақ 2015 жылдан бастап ол грепплинг пен джиу-джитсу спорт түрлеріне көп көңіл бөлді.

- Менің ойымша, жігіттер жақсы өнер көрсетті. Бұл жолы мен оларды даярлау процесіне толықтай қатыстым. Бұрын, анда-санда барып білгенімді үйретіп жүр едім. Енді жаттықтыруға түбегейлі бет бұрдым. Алматы тауларында, сосын Ақтөбеде Амандық Бакеевпен бірге жүрдік. Ия, мен екі жекпе-жекке қатысқым келді, бірақ 19 қазан күні чемпиондар әртүрлі қалалар мен елдерде болды. Жалғас Жұмағұловпен бірге барамыз деген жалпы шешім қабылдадық. Өйткені, "Жако" сырт елде төбелесетін болды. Ондай кезде спортшыға қолдау керек. Себебі сырт елдің қысымы деген болады. Морозов өз еліңде шайқасты, сондықтан қолдау жағынан оған оңайырақ болды. Олардың қалай дайындалғанын, жеңіске деген жігерлерін көрдім. Жеңіске жету үшін жігіттерде барлық мүмкіндік болды. Олар аянып қалған жоқ. Алайда, сіз шайқасқа толық дайынмын деп ойласаңыз да, кез-келген ұсақ дүние бәрін шешіп кетуі мүмкін. Сондықтан жекпе-жек өте тартысты өтті. Барлық қазақтар қолдау көрсетті. Жұмағұлов біздің елімізде немесе шетелде болсын, қазақстандық жанкүйерлерді көп жинайды. Өте керемет қолдау.

Ол жердегі эмоцияны айтып жеткізу мүмкін емес. Біз бөтен елде соғысып жатқанымызды түсіндік, жеңіс қарсыласқа беріле салуы әбден мүмкін. Әрине, Абдулманап Нурмагомедов сияқты керемет бапкер, тағы да басқа адамдар шешімге қарсы шығуға тырысты. Бірақ олар төрешілер емес. Алимен жеке таныс болған соң, соның жеңісін тіледі. Кез келген бейтарап төреші бұл жекпе-жекте Жұмағұловқа жеңісті беретін еді. Жалғас бұл шайқаста жыртқыш аң секілді қарсыласын аңдып, қақпанына түсіруге әрекет етті. Үнемі алға ұмтылып, қарсыласына тыным бермеді. Жалғастың соққыларын санау керек. Меніңше, Жалғастың жеңісі күмәнсіз.

- Сол кеште Жаконың бұрышында болу психологиялық тұрғыдан қаншалықты қиын болды?

- Ия, өте қиын болды. Біз өте жақсы доспыз, мен оны өзімнің бауырым ретінде санаймын және оны құрметтеймін. Оған айтылған сынды қабылдау маған да қиын болды. Жекпе-жектің аяғында жанжал басталып кетті. Жалғасқа қолдау көрсету үшін октогонға жүгіріп шыққым келген. Бірақ күзетшілер бөгет болды. Біз ешкімге есемізді жібермейміз, керек болса, аяғына дейін төбелесеміз. Бір амалын тауып, октогонға шықтым. Егер, кездесудің нәтижесі басқаша болғанда біз уәж айтуға дайын едік. Әрине, төбелесіп, бәрін ушықтырайын деген ойымда болған жоқ. Бірақ біз оған іштей дайын болдық. Аз болсақ та, бір-біріміз үшін жан беруге дайын едік. Өлсек, абыроймен өлеміз.

- Ұжым стрессті сезінсе де, сіз үнемі команданы жақсы көңіл-күйде ұстадыңыз ...

- Ия, жігіттерге жекпе-жек алдында оңай емес. Жүйкеге қатты әсер етеді. Оқу-жаттығу жиыны кезінде олар төбелеске толық көңіл бөлу үшін отбасыларын ұмытуға тура келді. Жалғас пен Сергей көп дүниеден бас тартты. Жекпе-жектен басқаны ойламады. Мен өзім жақындарыммен қалжыңдағанды ​​ұнататын адаммын.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер