Командалық

«Зениттің» бас бапкері командасының «Астанадан» жеңілуі себебін түсіндірді

«Зениттің» бас бапкері  командасының «Астанадан» жеңілуі себебін түсіндірді
news-banner7
mobile-news-top

«Зенит» баскетбол клубының бас бапкері Жоан Плаза ВТБ Бірыңғай лигасы тұрақты чемпионатында командасының «Астанадан» жеңілуі жайында пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz Сhampionat.com порталына сілтеме жасап.

«Жанкүйерлер үшін жаман матч болған жоқ. Қос команда да ойынның бірінші және екінші жартысында әртүрлі кейіпте ойнады. Рас, біз осы аптада үш ойын ойнадық. Ол да өз кесірін тигізді.

Жігерлендіру, беріліп ойнау жағынан ешқандай проблемамыз жоқ. Тығыз кестемен ойнаған кезде осындай жағдайлардың болып тұратынын түсінуіміз керек», деді Жоан Плаза

Еске сала кетелік, «Астана» командасы «Зенитті» овертаймда жеңіп кеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер