Бокс

Әртістік қойылым - Ковалев-Альварес жекпе-жегіне баға берілді

Әртістік қойылым - Ковалев-Альварес жекпе-жегіне баға берілді
news-banner7
mobile-news-top

Екінші орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Баду Джек Сауль «Канело» Альварес пен Сергей «Крашер» Ковалев арасындағы жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

Мамандардың көбі Ковалевтің сылбыр қимылдағанын және өзінің күшін толық пайдаланбағанын айтқан болатын.

«Альварес оң жақтан жақсы соққы жасап, кездесу соңын тамаша аяқтады. Жекпе-жек бірсыдырғы өтті, алайда екі боксшы да құрметке лайық деп санаймын. «Канело» Ковалевті нокаутқа түсірді, маған Сергей өз күшін толық пайдаланбағандай көрінді. Ол қаһарлана алмады. Мұның бәрі әртістік қойылымға ұқсап тұр.

Альвареске құрметім шексіз. Ол өзінің жұмысын жақсы атқарып шықты. Ол Ковалевке ауыр соққылар жұмсап, нокаутқа бір-ақ түсірді. Мен кездесудің есебін жаза алмадым», - деді сказал Баду Джек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер