Әлем футболы

ВИДЕО. «Тоттенхэм Хотспур» футболшысы қарсыласын жарақаттағаннан кейін жылап жіберді

ВИДЕО.  «Тоттенхэм Хотспур» футболшысы қарсыласын жарақаттағаннан кейін жылап жіберді
news-banner7
mobile-news-top

Ағылшын Премьер-лигасының 11-турындағы «Эвертон» - «Тоттенхэм Хотспур» матчында қарсыласын ауыр жарақаттаған футболшы жылап жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz. Championat.com сайтына сілтеме жасап.

«Тоттенхэмнің» жартылай қорғаушысы оңтүстіккореялық Сон Хын Мин «Эвертонның» хавбегі Андре Гомешті ауыр жарақаттағанын өткен түнде жазғанбыз. «Оң жақ тобық сүйектерінің сынуы» деген диагнозбен ауруханаға жеткізілген Гомешке ота жасалатын болды.

Тәртіп бұзған алаңнан қуылған Сон есінен танғандай күй кешіп, басын ұстап жылап жіберді. Матч біткеннен кейін де рухы түсіп кеткен футболшыны командаластары ғана емес, қарсыластары да жұбатып жатты.

Қос команданың бас бапкерлері матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Сон туралы жылы сөздер айтып, оны қолдайтындарын жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер