Бокс

Серік Қонақбаевтың жүлдесі үшін өткен турнирдің үздік сәттері. Фото

Серік Қонақбаевтың жүлдесі үшін өткен турнирдің үздік сәттері. Фото
news-banner7
mobile-news-top

3 қараша күні Алматы қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайы аумағында КСРО спорт шебері, Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаевтың жүлдесі үшін турнир өтті, деп хабарлайды Prosports.kz. сайты.

Назарларыңызға байрақты бәсекеден фоторепортажды ұсынамыз:

Жарысқа Алматыдағы SK Boxing клубында жаттығатын әуесқой боксшылар қатысты. Аталмыш клуб қаланың түкпір-түкпірінде орналасқан. Былғары қолғап шеберлері 15 салмақ дәрежесінде жұдырықтасты.

Турнир қорытындысы бойынша 48 келіде сынға түскен Арыстанбек Назерке есімді бұрымды қыз үздік боксшы атағын жеңіп алды.

Жарысқа қатысушылар мен жеңімпаздарды марапаттауға екі дүркін КСРО чемпионы, Еуропа чемпионатының жүлдегері Кәрімжан Әбдрахманов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Жәпенов және кәсіпқой боксшы Арман Рысбек қатысты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер