Әлем футболы

Зайнутдинов Ресей чемпионатындағы «триллер» матчқа қатысты

Зайнутдинов Ресей чемпионатындағы «триллер» матчқа қатысты
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Ресей чемпионатының 15-ші турында турнир кестесінде үшінші және төртінші орында тұрған командалар кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсететін «Ростов» қонақта «Краснодармен» кездесті. Тартысты өткен матч 2:2 есебімен аяқталды.

Ростовтықтар матчтың 90-шы минутына дейін 2:0 есебімен ұтып жатқан болатын. Алайда, алаң қожайындары төреші қосқан төрт минут ішінде қос доп соғып, таразы басын теңестіріп кетті.

Зайнутдинов алаңға ойынның 68-ші минутында шықты. 77-ші минутта төреші тарапынан сары қағазбен жазаланды.

Еншісінде 30 ұпайы бар «Ростов» екінші орынды иемденіп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер