ММА

UFC чемпионы: Альварестің мұрнын бет қыламын

UFC чемпионы: Альварестің мұрнын бет қыламын
news-banner7
mobile-news-top

UFC ұйымының BMF титулына ие болған Хорхе Масвидаль екі салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Сауль Альвареспен төбелескісі келетінін айтты, деп жазады Prosports.kz.

34 жастағы Масвидальдің айтуынша, ол өзін Канеломен кездесу өткізіп, рингте сынағысы келеді.

«Мен жұдырықтаса аламын, соққым ауыр. Менің түрлі әдіс-тәсілдерім бар және егер дайындалатын болсам, 12 раундтық жекпе-жекте шаршай қоймаспын. Канело да, мен де бүгін айқастық. Канелоның мұрнын бет қылғым келеді. Өзімді сынап, мол қаражат тапсам деймін. ММА боксқа қарсы шығып, тағы бір жекпе-жек жасай алатынымызға сенемін», деді Масвидаль.

Айта кетелік, бүгін Нью-Йоркте Хорхе Масвидаль BMF титулы үшін болған жекпе-жекте Нейт Диасты техникалық нокаутпен жеңсе, Сауль Альварес те Сергей Ковалевті 11-раунда сұлатып салды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер