Велоспорт

Артем Захаров: Маған Олимпиадалық рейтингтегі орнымды сақтау қажет

Артем Захаров: Маған Олимпиадалық рейтингтегі орнымды сақтау қажет
news-banner7
mobile-news-top

Тректегі велоспорттан Қазақстан командасының үздігі Артем Захаров Сеулде өткен Азия чемпионатынан соң олимпиадалық рейтингте біршама алға жылжыды. Бүгінде ол жетінші орынға жайғасқан. Бұл көрсеткіш арқылы спортшының 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігі жоғарылады.

Olympic.kz сайтына сұхбат берген Захаров осы орнын сақтау үшін барын салатынын айтып, өзге де ірі турнирлер туралы баяндады.

«Азия чемпионаты біз үшін сәтті өтті. Өзім сынға түсетін омниумнан күміс медаль иелендім. Алтын жүлдеге сынық сүйем жетпей қалды. Дегенмен, чемпион атанған жапондық спортшының да мықты екенін мойындау керек. Ол Олимпиада ойындарына қатысу үшін тырысып жатыр. Жалпы, екеуміздің әлеуетіміз бірдей.

Роман Василенкомен бірге жұптасып жарысудан қола жүлдегер атандық. Бұл бағдарлама бойынша олимпада жолдамасынан үмітті емеспіз. Ендеше, көрсеткіш жаман емес.

Қазіргі дайындық деңгейіміз көңілден шықты. Алда әлем кубогі кезеңдері бастаоады. Маңызды ұпайларды қоржынға салып, рейтингте жоғарылағаным қуантады. Ендігі мақсат – осы орнымды сақтап қалу. Ол үшін алдағы әлем кубогі кезеңдерінде сәтті өнер көрсету қажет. Минскідегі әлем кубогінен кейінгі жарысқа виза мәселені байланысты қатыспаймын. Кейін Гонконгте, Австралия мен Жаңа Зеландияда өтетін кубоктік бәсекелерде бақ сынаймын. Токио Олимпиадасына қатысу мүмкіндігім жоғары деп айта аламын. Ең бастысы – ұпай жоғалтпау. Босаңсуға мүлдем болмайды. Лицензия иегерлерін келесі жылғы әлем чемпионатынан кейін толық хабарлайды. Сондықтан, 2020 жылдың наурызын күтеміз. Оған дейін бізді біршама ірі жарыстар күтіп тұр», - дейді Захаров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер