Теннис

Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасына қарсы кімдер кортқа шығады

Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасына қарсы кімдер кортқа шығады
news-banner7
mobile-news-top

18-24 қараша аралығында Мадридте өтетін Дэвис кубогының финалдық турниріндегі Қазақстан құрамасының қарсыласы, Ұлыбритания құрамасы өзінің ақтық құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мадридтегі жарыста британиялықтар намысын Энди Мюррей (әлемнің 128-ракеткасы), Дэн Эванс (әлемнің 41-ракеткасы), Джейми Мюррей (ATP қосарланған рейтингінде 20-орын), Нил Скупский (ATP қосарланған рейтингінде 26-орын) және Кайл Эдмунд (әлемнің 75-ракеткасы) қорғайды.

Естеріңізге сала кетейік, H тобында Қазақстан мен Ұлыбритания құрамалары қатар, Нидерланды құрамасы да бар.

Дэвис кубогының финалдық турниріне барлығы алты топқа бөлінген 18 ұлттық құрама қатысады. Топтардың жеңімпаздары мен екінші орын алған екі үздік команда ширек финалға жолдама алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер