Әлем футболы

Клопп: ФИФА мен УЕФА тек қалталарын қампайтуды ғана ойлайды

Клопп: ФИФА мен УЕФА тек қалталарын қампайтуды ғана ойлайды
news-banner7
mobile-news-top

«Ливерпульдің» бас бапкері футбол матчтары кестесінің ұнамайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ел «осы неменеге қыңқылдай береді. Ақшаны күреп тауып жатыр ғой» деп ойлайды. Бірақ футболға қатысы бар адамдар талаптардың тым күрделі екенін біледі. Мұны көбіңіз түсінесіздер деп ойлаймын.

Ағылшын футбол ассоциациясы мен Англия футбол лигасы Англия кубогы және Лига кубогын өткізгісі келеді, алайда мұны ешкімнің талқылағысы жоқ. Ұлттар лигасын ойлап тапқан УЕФА туралы да айтуға болады.

Ал сосын біз әлемнің үздік футболшылары неліктен жоғары деңгейде ойнай алмай жүр дейміз. Кестенің тығыздығы бәріне кедергі келтіреді және жарақат алып қалмауды да ойлау керек.

ФИФА, УЕФА сияқты ұйымдар қалтаны қампайтуды емес, осындай жайттар туралы көбірек ойлауы тиіс», — деді Клопп The Guardian басылымына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер