Бокс

Видео. Ковалев пен Альварес салмақ өлшеді

Видео. Ковалев пен Альварес салмақ өлшеді
news-banner7
mobile-news-top

Лас-Вегаста WBO тұжырымының жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағына таласатын ресейлік Сергей Ковалев пен Сауль Альварес салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мексикалық боксшы еш қиындықсыз 174,5 фунт (79,2 келі) тартып, жартылай ауыр салмақ дивизионының шекті белгісінен (175 фунт немесе 79,4 келі) аспады.

Ковалевтің аздаған қиындыққа ұшырағаны рас. Ол төртінші талпыныстан кейін барып, қажетті салмақты көрсетті. Таразы алдымен 176 фунтты көрсеткен. Артынша 175,5 фунт болғаннан кейін, Ковалев шолақ шалбарын шешті. Бұдан кейін де оның салмағы 125 грамға ауыр болып тұрды.

Сергейге артық салмақты қуалау үшін 1 сағат уақыт берілді, алайда таразы он минуттан кейін қажетті салмақты көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер