русский язык

Шорт-тректен Қазақстан Әлем Кубогына қатысады

Шорт-тректен Қазақстан Әлем Кубогына қатысады

Қысқы спорт түрінің бірі шорт-тректен Қазақстан құрамасы Әлем Кубогына қатысады, деп хабарлайды baq.kz.

Шорт-тректен Сочи Олимпиадасына барған Ұлттық құрама 60 пайызға жаңарыпты. Команданың ең жас буыны 16 жаста. Қарашаның басында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында Әлем Кубогының алғашқы кезеңі басталады. Ал екінші кезеңі 14 қараша күні Канада жерінде жалғасады. Бас бапкер Мәдіғали Қарсыбеков тәжірибе жинасын деп жастарды шақырып отырмыз дейді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;