русский язык
Футбол

Суарес 4 айдан соң қайта алаңға оралды

Суарес 4 айдан соң қайта алаңға оралды

Жазалауға ұшыраған Луис Суарес «Барселонаның» қосалқы құрамындағы алғашқы ойынын өткізді.

Индонезияға қарсы жолдастық кездесу өткізген «Барселона Б» сапында алаңға шыққан футболшы қос голдың авторы атанды. Суарестің өзі бірнеше айдан кейінгі ойынына риза болғанын жеткізді.  Әзірше Суарес Ұлттық құрамадағы 9 ойынға қатыспайды.

Уругвайлық футболшы биылғы Бразилияда өткен әлем чемпионатында Италия мен Уругвай құрамаларының арасындағы кездесуде Джорджо Кьеллинидің иығынан тістегені үшін 4 ай мерзімге футболдан шеттетілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;